Қазіргі уақытта интернет және телефон байланысы арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының саны артып келеді. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органдарының өкілі немесе танысыңыз ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректері мен қаржысын иемденуге әрекет жасауда.
Осыған байланысты азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады. Атап айтқанда, банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде адамдарға хабарламау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармау қажет.
Сондай-ақ интернет арқылы сауда жасаған кезде сатушының сенімділігіне көз жеткізіп, кез келген күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қараған жөн.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қырағылық танытып, жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі.
https://www.instagram.com/reel/DZm_4gcs2Ok/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241368?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау