Түпқараған аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен 15-19 маусым аралығында өткізілетін «Ішімдіксіз ауыл – қауіпсіз қоғам» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аудан аумағындағы сауда орындары мен дүкен иелеріне түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктерді өткізуге жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Түпқараған аудандық полиция бөлімі тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын қатаң ұстануға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZnDF-Eix6z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241362?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау