Аудан аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, вандализм, дөрекілік және бұзақылық фактілерінің жолын кесу, «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайту, сондай-ақ ішкі істер органдары мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қайта қылмыстық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу мақсатында 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында Мұнайлы ауданында «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар алкоголь өнімдерін заңсыз өткізу деректерін анықтау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну фактілерінің алдын алу, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды бақылау жұмыстары күшейтілді.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімі азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZm7tSQqt__/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241377?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау