Шарын ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жалпы 1201,5 гектар шабындық алқаптың бүгінгі күнге 410 гектары шабылды. Орташа өнімділік гектарына 4 тоннаны құрап отыр.
Нәтижесінде бүгінгі күнге 1640 тонна жоңышқа шөбі дайындалып, мал азығы қоры жиналды. Бұл жалпы жоспарланған көлемнің 34,1 пайызын құрайды. Дала жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sharyn/press/news/details/1240436?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау