Маңғыстау полицейлері теңіз жағалауында рейд өткізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері әр аптаның жұма және сенбі күндері кешкі уақытта теңіз жағалауында рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Рейдтердің негізгі мақсаты — заңсыз сауда-саттықтың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың су айдындарында белгіленбеген орындарға шомылуына жол бермеу.

Сонымен қатар, республика көлемінде өтіп жатқан «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көлік құралдарын бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану деректерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Осыған байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға, суға түсуге тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылмауға, сондай-ақ заңсыз сауда қызметімен айналыспауға шақырады.

Заңды сақтау — қауіпсіздігіңіздің кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DZhOomzsk7C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241042?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version