Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жұма және сенбі күндері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстану мәселелері бойынша түсіндіру әңгімелері өткізілді.
Аталған іс-шаралар құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз — біздің басты міндетіміз!
https://www.instagram.com/reel/DZhMz5YsdJG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241023?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау