Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өткізілді
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Маңғыстау облыстық Дагестан этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Абдулбари Фаталиев қатысты.
Кездесу барысында қонақтар қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, елге құрмет көрсету, заң талаптарын сақтау, патриоттық сананы қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында сотталғандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қонақтар тарапынан мазмұнды жауаптар алды.
Кездесу тәрбиелік және профилактикалық сипатта өтіп, қатысушылардың патриоттық рухын нығайтуға және мемлекеттік құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1240741?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау