Ағымдағы жылдың 13 маусымында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдасытыруымен алғаш рет медицина ұйымдарының арасында 300-ден аса медицина қызметкерлері қатысқан ауқымды спартакиада өткізілді.
Спорттық іс-шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым ашып, арнайы қонақтар, еліміздің белгілі спортшылары – Ислам Ильясович Байрамкуов пен Руслан Ғалымұлы Әбдіразақов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиадаға 8 ауданның медицина ұйымдарынан құралған командалар және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қонақ ретінде қатысты.
Департаменттің және аудандық басқармалардың қызметкерлерінен құралған команда волейбол, футбол, үстел теннисі, бильярд, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты жарыстың барлық спорт түрлеріне қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша бильярдан Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мен Департаменттің бөлім басшысы Ербол Құрманбайұлы Жүнісбеков 3-орындарға ие болды.
Шахматтан Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ерлан Әбіләкімұлы Жәкешбаев 2-орынға ие болды.
Сондай-ақ волейболдан санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің командасы топтық кезеңнен сәтті өтіп, жартылай финалға дейін барды.
Команданың жарысқа тыңғылықты дайындығының дәлелі ретінде Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Абылай Ниетәліұлы Амангелдиев волейболдан үздік ойыншы атанды.
Қасымхан Алпысбайұлының бастамасымен жүлдеге ие болған қызметкерлер жарыстан берілген сыйлықтарын қайырымдылық акциясы ретінде мамандандырылған балалар үйінің қорына тапсырды.
Салауатты өмір салты мен ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен барлық ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1241128?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау