Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көлік объектілері өкілдері мен басқарма мамандарының қатысуымен семинар өтті. Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және өндірістік бақылауды жүргізу мәселелері бойынша заңнама талаптары түсіндірілді. Семинардың негізгі тақырыптарының бірі мемлекеттік бақылау мен қадағалауды цифрландыру болды. Қатысушыларға «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесінің (e-SEN) мүмкіндіктері таныстырылып, өндірістік бақылау бойынша мәліметтерді электрондық түрде ұсыну тәртібі көрсетілді. Кездесу соңында қатысушыларға жұмыста қолдануға арналған ақпараттық-түсіндірме материалдары таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1240863?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version