Сұхбат барысында Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу тәртібі, еңбек қатынастары туралы мәліметтерді енгізу тәртібі, сондай-ақ жүйенің еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етудегі рөлі мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілерге қатысты қолданылатын әкімшілік ықпал ету шаралары, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтамау, еңбек қатынастарын рәсімдеу тәртібін және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзу мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде көзделген еңбек қатынастары тараптарының негізгі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Атап айтқанда, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жалақыны уақтылы төлеу жөніндегі міндеттері, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.
Өткізілген сұхбат халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуының алдын алуға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1241547?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау