Облыстық мәслихат төрағасының
ӨКІМІ
2026 жылғы 11 маусым №36
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
Баяндамашы: А.Ә.Әбдікәрімов – облыс
әкімінің орынбасары
1.1. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы.
Баяндамашы: Қ.Ы.Кенжин – Ақтөбе облысы бойынша
Тексеру комиссиясының төрағасы
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоксандағы №189 «Ақтөбе облысы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл өңірлік жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: И.Б.Еспағанбетов – табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
- Басқа сұрақтар.
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Н. Махамбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1240594?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау