«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қаласы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін:
- Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 25/5-VIII «Өскемен қаласында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарды іске асыру туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1240938?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау