«Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі нәтижелер мен әзірленген ұсынымдарды ашық жария талқылауға қатысуға жұмыс тобының мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар,сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.
Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді.
Өтетін орны:Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16 үй, 2 қабат, 5 кабинет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1240816?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау