Қарашай ауылдық округіндегі абаттандыру жұмыстарының барысы
Ағымдағы жылы жауын-шашынның мол түсуіне байланысты елді мекен аумағында өсімдіктер мен көктің өсуі ерекше жоғары. Осыған байланысты, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау мақсатында қоғамдық орындарда шөп шабу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Аталған шаралар ауылдың эстетикалық көрінісін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Ауыл аумағын таза ұстау — тек жауапты мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай, ауыл тұрғындарын өз аулалары мен іргелес аумақтарындағы өсіп кеткен шөптерді уақытылы орып, тазалық талаптарын сақтауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-karashai/press/news/details/1241610?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау