2026 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов №54 мекемесіне барды.
🔷Бару кезінде сотталған азаматтарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі мен Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде ақпарат берілді.
🔷Сонымен қатар, жеке қабылдау өткізіліп, арыз-шағымдары мен өтініштері бар азаматтардың мәселелері тыңдалды. Көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, әрбір өтініш назарға алынды.
🔷Адам құқықтарын қорғау – заң үстемдігін қамтамасыз етудің және әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241464?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау