Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Мейірім» оңалту орталығы» МКҚК-не барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Мейірім» оңалту орталығы» МКҚК-не барды.

🔷 Орталықта көрсетілетін медициналық және оңалту қызметтерінің ұйымдастырылуына, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына, ем алушылар үшін жасалған жағдайларға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарының қамтамасыз етілуіне назар аударылды.

🔷 Сонымен қатар мекеме басшылығымен және қызметкерлерімен әңгімелесу жүргізіліп, қызмет алушыларға қолайлы орта қалыптастыру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

🔷 Кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының негізгі нормалары түсіндіріліп, балалардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қауіпсіз ортада өмір сүру құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

🔷 Адам құқықтарын сақтау және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты назарда.

🔷 Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241517?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version