2026 жылғы 10 маусым күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барды.
🔷 Бару кезінде орталықтағы азаматтарға жасалған жағдайлармен танысып, мекеменің қызмет көрсету сапасын көріп. Атап айтқанда, қызмет алушылардың ұстау жағдайлары, медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тамақтану жағдайы және қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуы назарға алынды.
🔷Мұндай жұмыстар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік мекемелердегі жағдайды жақсартуға және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
🔷Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241680?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау