Ветеринария басқармасында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлер Заңға енгізілген өзгерістермен танысып, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша ақпарат алды.
Басқарма қызметкерлері жаңа Заң талаптарымен танысып, өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында оның нормаларын басшылыққа алып қолдануда.
Аталған жұмыс мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-vet/press/news/details/1241421?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау