ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНАН КЕЙІНГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жүргізілген қазба жұмыстары барысында зақым келген және соның салдарынан шөгу белгілері байқалған аумақтарда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар қазба жұмыстарына жауапты мердігер мекемелердің күшімен жүзеге асырылуда. Қалпына келтіру жұмыстары Яссы, Бекзат және Сауран тұрғын алқаптарында орналасқан көшелерді қамтиды.
Жалпы жұмыстар аясында шамамен 30 мың шаршы метр жол жабындысын қайта қалпына келтіру жоспарланған.
Жұмыстардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» және Түркістан қалалық полиция басқармасының техникалық қадағалаушылары тарапынан тұрақты бақылауға алынған.
Сонымен қатар, қазба жұмыстарын жүргізу барысында анықталған заңбұзушылықтарға байланысты жауапты мердігер мекемелерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабының 3-бөлігіне сәйкес жалпы саны 11 әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1241266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version