Қонаев қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қапшағай су қоймасы жағалауындағы жағажайлар мен демалыс орындарында демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында азаматтарға алаяқтық әрекеттердің алдын алу, бейтаныс тұлғалардың арбауына түспеу және сақтық шараларын сақтау жөнінде кеңес берілді. Сонымен қатар ақпараттық парақшалар таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1240455?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау