Қошқар ата өзеніндегі қауіпсіздік – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметінің және мүдделі мекемелердің өкілдерімен бірлесіп, су айдындары маңындағы халық көп жиналатын демалыс орындарында рейдтік және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу және судағы жазатайым оқиғалардың туындауына жол бермеу.

Осындай профилактикалық жұмыстардың бірі Қошқар ата өзенінің жағалауында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Айта кету керек, Қошқар ата өзенінің тек 70 шаршы метр аумағында ғана шомылуға рұқсат етілген. Ал шомылуға тыйым салынған учаскелерде арнайы ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшалар орнатылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында шомылуға рұқсат етілген үш ресми орын белгіленген. Олар – «Рахат-Бадам» және «Тоғыс» демалыс аймақтары, сондай-ақ Қошқар ата өзенінің арнайы белгіленген жағалау бөлігі.

Сонымен қатар, қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 қауіпті учаске анықталған. Алдағы уақытта олардың санын кезең-кезеңімен 31-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Барлық қауіпті аумақтарда ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

* балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және олардың ересектердің бақылауынсыз суға түсуіне жол бермеңіз;

* шомылуға арналмаған және жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ тыйым салу белгілері қойылған жерлерде суға түспеңіз;

* алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеңіз;

* шомылу аумағын белгілейтін қалқымалардан асып жүзбеңіз;

* шағын көлемді кемелер мен өзге де жүзу құралдарына жақындамаңыз;

* тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға сүңгімеңіз;

* жүзуге арналмаған заттарды пайдаланбаңыз;

* қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, тастардан және арнайы арналмаған өзге де құрылыстардан суға секірмеңіз.

 

Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін қорғаудың маңызды кепілі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1241072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version