2026 жыл 8 маусым күні ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесінде мекеме басшылығымен бірлескен жеке қабылдау өткізді.
🔷Қабылдау барысында сотталған азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер жан-жақты қаралды. Әрбір өтініш қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, қажетті құқықтық түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жекелеген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қарастыру шаралары ұйымдастырылды.
🔷Мұндай бірлескен қабылдаулар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың өтініштеріне жедел ден қоюға, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241491?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау