2026 жылғы суға шомылу маусымы ашылар ашылмастан еліміздің кейбір өңірлерінде қайғылы оқыс оқиғалар тіркелуде. Атап айтар болсақ 2026 жылдың маусым айының 8 күні Батыс Қазақстан облысында мектеп бітіріп жатырған үш жасөспірім оқушы суға шомылуға белгіленбеген тиым салынған орында суға түсіп жүріп батып кетіп қаза тапты.
🔸️ Сол себепті құрметті ата аналар жазғы демалыс кездерінде балаларыңызды суға түсуге ересектердің қадағалауынсыз жібермеңіздер. Суға түсуге тек арнайы белгіленген рұқсат етілген жерлерге апарыңыздар.
🔹️Белгіленбеген тиым салынған жерлердің су айдындары терең суға түсуге қауіпті. Барлық сақтық шараларын сақтап балаларымыздың өмірін сақтайық. Бей-жай немқұрайлы қарамайық.
Ойыл ауданы әкімі аппаратының
төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы
Д.Ғ.Ғалымжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1241169?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау