Шаған өзені арқылы өтетін көпірде деформациялық жіктерді ауыстыру бойынша жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 13 маусым сағат 21:00-ден 20 маусымға дейін көпірдегі көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Осыған байланысты Деркөл кенті бағытындағы қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№4, №7, №7Ү, №16, №17, №49 және №53 маршруттары екі жақтан да жабылған учаскеге дейін ғана қатынайтын болады:
Деркөл кенті жағынан жүретін автобустар көпірге дейін жолаушыларды жеткізеді;
Қала жағынан жүретін автобустар да жабылған учаскеге дейін қатынайды;
Жолаушылар сапарын жалғастыру үшін жабылған учаскені жаяу өтіп, қарсы беттегі тиісті маршрут автобусына ауыса алады.
Назар аударыңыз! №17 және №53 маршруттары жабылған учаскеге дейін ғана қатынайды.
Тұрғындардан уақытша енгізілген өзгерістерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1240584?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау