Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «BaiQymyz – 2026» аймақаралық этно-гастрофестивалі ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды мәдени оқиғаға айналды.
Сарыарқаның көшпелі мәдениетін, қымыз өндіру дәстүрін және жылқы шаруашылығын насихаттауға бағытталған фестивальге Қазақстанның әр өңірінен 37 қымыз өндіруші қатысып, «Ең үздік қымыз» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады.
Фестивальге 20 мыңнан астам көрермен жиналып, қонақтарға 30 тонна қымыз ұсынылды. Этноауыл аумағында қолөнершілер мен фермерлер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этномәдени бағдарламалар мен ат спортына қатысты таныстырылымдар ұйымдастырылды.
Мәдени кештің сәнін Қазақстанның танымал өнерпаздары – Қайрат Баекенов, Ұшқын Жамалбек, Өзгеріс Шерікбай, Еркебұлан & Бауыржан, «ARKAIYM» тобы, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ұжымдар келтірді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау