Таразда бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта шаһар аумағында жаңа шағын футбол алаңшаларының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі – “Тастақ” алабында күрделі жөндеуден өткен заманауи шағын футбол алаңшасы. Қазіргі таңда бұл нысанда қақпаларды орнату және дәнекерлеу жұмыстары ғана қалып отыр.
Жаңарған спорт нысаны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Алаңша барлық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1240985?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау