«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысының “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.

Іс-шараға облыстың жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы, Адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатасының және Заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының новеллалары түсіндірілді.

Акция барысында азаматтарға мұраны ресімдеу, кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және берешекті өндіріп алу мәселелері бойынша, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қатысты сұрақтар бойынша консультациялар берілді.

Акция соңында Әділет департаменті азаматтарға кері байланыс өткізілген іс-шара бойынша, сауалнама жүргізді.

Ссылка: https://www.instagram.com/reel/DZfMGxQIzWk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1241624?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version