🔶 2026 жылғы 15 маусымда Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясында комиссия мүшесі Н.Р. Қордабайдың төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.
🔶 Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары, дін саласына қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ «Мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша келісімінсіз салықтық құпияны құрайтын мәліметтер мен құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» және «Аудиторлық есептерді жасау және рәсімдеу туралы» нормативтік құжаттар талқыланды.
🔶 Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы С. Жұмаев, Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің аға маманы Б.Оспанов, Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Б. Ниеталиев және Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Искакова баяндама жасады. Оқу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндамашылар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1241289?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау