2026 жылғы 15-16 маусым аралығында Мұнайлы ауданы аумағында ұрланған мүлікті өткізу арналарының жолын кесу, осы қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Ұрланған мүлікті өткізу арналарының жолын кесу» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында ұрланған мүліктің заңсыз айналымын анықтауға, оны өткізудің жолдарын тоқтатуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды әшкерелеуге бағытталған кешенді жедел-іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар екінші қолданыстағы тауарларды қабылдау және сату орындары, ломбардтар мен өзге де сауда нысандары тексеріліп, заң талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімі тұрғындарды күмәнді заттарды сатып алмауға, ұрланған мүлікті сатып алу немесе өткізу деректері туралы полицияға дереу хабарлауға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
https://www.instagram.com/p/DZm7PYdCmN8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241380?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау