ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
ШЕШІМ
15 маусым 2026 жыл № 43 Жаңаөзен қаласы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық
мәслихатының қырық екінші сессиясын шақыру туралы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылдың 19 маусым күні шақырылсын.
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылдың 19 маусым күні сағат 12:00-де қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1. «2026 – 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/103 «Жаңаөзен қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы;
4. VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Хусайнов Канат Дуйшанбаевичтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
5. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/3 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың құрамын, төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Ғ. Байжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1241025?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау