Ақжайық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында ата-аналар мен балаларға:
– жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау;
– өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау;
– суға шомылу кезінде сақтық шараларын ұстану;
– көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
– кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.
Түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындарға арнайы дайындалған жадынамалар таратылып, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу жөнінде ұсыныстар мен кеңестер жеткізілді. Сонымен қатар, мамандар жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың және ата-аналық бақылауды күшейтудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының, өрт және судағы жазатайым оқиғалардың, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Балалардың амандығы мен жарқын болашағы – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1240488?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау