Жазғы демалыс — оқушы жастардың алғашқы ақша табуына және тәжірибе жинауына тамаша мүмкіндік. Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ескертеді: жасөспірімдердің уақытша жұмысы қауіпсіз және қатаң түрде заңды болуы тиіс!
16 жастан бастап — жасөспірім еңбек шартын өз бетінше жасауға құқылы.
15 жастан бастап — ата-анасының (немесе қамқоршысының) жазбаша келісімі қажет және жұмыс жеңіл әрі оқуға кедергі келтірмейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі.
14 жастан бастап — ата-анасының жазбаша келісімі қажет. Жұмыс тек оқудан бос уақытта және денсаулыққа зиян келтірмейтін жағдайда ғана істелуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандар үшін қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген:
14 пен 16 жас аралығында — аптасына 24 сағаттан артық емес
16 мен 18 жас аралығында — аптасына 36 сағаттан артық емес
ҚР заңнамасы жастардың денсаулығы мен адамгершілік тәрбиесін қорғайды. Кәмелетке толмаған жұмысшыларды:
Ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарға тартуға, сондай-ақ құмар ойын бизнесіне, түнгі клубтарға және алкоголь/темекі сатуға (ҚР ЕК 26-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы) тыйым салынады.
Түнгі уақытта сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жұмыс істеуге (ҚР ЕК 76-бабы 2-тармағы).
Артық жұмыс істеуге тартуға (ҚР ЕК 77-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы).
Вахталық әдіспен жұмыс істеуге жіберуге (ҚР ЕК 135-бабы 3-тармағы).
Белгіленген нормадан асатын ауыр жүктерді тасуға тартуға (ҚР ЕК 182-бабы 2-тармағы 6-тармақшасы) тыйым салынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1241404?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау