Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Баспасөз мәслихаты барысында ол елдегі және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қорытындыларына тоқталып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының рекордтық көрсеткіші тіркелген. Бұл көрсеткіш 75,97 жасқа жетіп, бақылау тарихындағы ең жоғары деңгей ретінде белгіленді. Жетісу облысында аталған көрсеткіш 75,71 жасты құрап, бір жыл ішінде 0,74 жасқа өсті.
Елімізде нәресте өлімінің көрсеткіші де тұрақты түрде төмендеп келеді. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 14 пайызға азайып, тарихи ең төменгі деңгейге жетті. Жетісу облысында нәресте өлімі 8,8 пайызға төмендеді.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында бірқатар ынталандыру шаралары қарастырылған. Оның ішінде дәрігерлерге берілетін біржолғы көтерме төлем көлемі 10 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл еліміздегі ең ірі әлеуметтік қолдау тетіктерінің бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1241303?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау