2026 жылғы 10-14 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Жетісу облысы полиция қызметкерлері 854 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері оқылмайтын, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленбеген орынға орнатылған көлік құралдарын басқарудың 93 дерегі;
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарудың 66 дерегі;
жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланудың 3 дерегі;
мас күйінде көлік басқарудың 12 дерегі;
қарсы қозғалыс жолағына шығудың 22 дерегі анықталды.
Мәселен, Ақын Сара көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 22 жастағы жүргізуші басқарған Kia K5 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарғаны анықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1241157?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау