13 миллион теңгенің аяқ киімі: Шымкентте ірі көлемдегі тауарды ұрлау дерегі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемдегі тауарды ұрлау дерегін ашып, оны заңды иесіне қайтарды.

Тергеу барысында жалпы құны 13 миллион теңгені құрайтын 868 қорап аяқ киім тиелген жүк көлігінің белгіленген бағыттан ауытқығаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеру кезінде тауардың толық емес екені белгілі болды.

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде жүк көлігі Шымкент қаласы аумағынан анықталды. Оның ішіндегі тауар айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңда белгіленген тәртіппен иесіне қайтарылды. Кәсіпорынға келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1242222?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version