Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және барлық жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Жол қауіпсіздігі – тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің ортақ міндеті. Сондықтан аталған іс-шара аясында тұрғындар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы кеңінен насихатталуда.
Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында арнайы кездесулер мен ақпараттық шаралар ұйымдастырылуда.
Іс-шара барысында жол қозғалысына қатысушылардың тәртіптілігі мен жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1242233?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау