2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5%-ға жоғары. 2026 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 202,0 млрд теңгеге жетіп, НКИ 109%-ды құрады.

2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 1 750,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан өңірлері арасында 5-орында тұр.

Өңірдің инвестициялық портфелі 1,5 трлн теңге сомасына 100 жобаны қамтиды, нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. 2026 жылы жалпы құны 74 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда, оның ішінде 5 жоба пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап инвестициялық пулға жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жаңа жоба енгізілді.

Туризм саласында ірі жобаларды іске асыру және дайындау жұмыстары жалғасуда:

  • TORRE ALTAY INVEST компаниясының құны 8 млрд теңге болатын «Wellness Resort» санаторийлік-сауықтыру кешені (218 орын);
  • PANA ASIA компаниясының құны 10 млрд теңге болатын туристік ауылы (1000 орын);
  • Өскемен қаласындағы құны 17 млрд теңге болатын Hilton Garden Inn қонақүйі (150 орын).

Аталған жобаларды іске асыру туристерді орналастыру үшін қосымша 1368 орын құруға мүмкіндік береді.

Инвестициялар тартуда консультативтік-кеңесші органдардың қызметі маңызды рөл атқарады. Өңірлік инвестициялық штабта жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жоба, ал Өңірлік үйлестіру кеңесінде құны 42 млрд теңге болатын 6 жоба қаралды.

Өңірде инвестициялық портфельді кеңейту, отандық және шетелдік инвесторларды тарту, жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және инвестициялық саясат саласындағы Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1242786?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version