«Әкенің сөзі- тәрби көзі» атты кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Әкенің сөзі – тәрбие көзі» атты кездесу Шарын ауылдық округінің мәжіліс залында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту болды. Кездесуге ауыл ақсақалдары, ардақты әкелер, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысты. Басқосу барысында қатысушылар әкенің отбасыдағы орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және өнегелі өмір тәжірибелері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланып, жастарға тағылымды кеңестер берілді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, отбасы бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіндегі әке беделін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sharyn/press/news/details/1242933?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version