Ағымдағы жылдың 15 маусымында мәслихаттың «Кәсіби, бұқаралық және бейімделген спортты дамытудың жай-күйі, келешегі мен проблемалары, сондай-ақ халықтың әртүрлі санаттары үшін спорттық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» кезекті сессия мәселесін дайындау бойынша уақытша комиссиясының бірінші отырысы өтті.
Отырыс барысында уақытша комиссияның басшысы А. Тилеубек қатысушыларды комиссия құрамымен таныстырып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.К. Ибраева мен қаланың білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.А. Сатемирова өңірдегі спорт саласының қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде толық ақпарат ұсынды.
Отырыс барысында кенттерде спорт нысандарын салу, қалада жабық жеңіл атлетика манежін ашу және спорт саласының кадрлық әлеуетін нығайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты депутаттарға спорт нысандарын салу және спорт саласындағы мамандар санының артуын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша қаржыландыру мәселелерін қарау туралы облыстық құрылымдарға жүгіну ұсынылды.
Уақытша комиссияның басшысы бейінді бөлімге паралимпиадалық спорт түрлерін (бочча) дамыту бойынша талдау дайындауды тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар көтерілген мәселелерді жергілікті жерлерде жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінің жай-күйін бағалау мақсатында уақытша комиссияның келесі отырысын көшпелі форматта өткізуді ұйғарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1242298?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау