Бүгінгі брифингте Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр Сартов ауданның даму қорытындылары мен алдағы негізгі бағыттары туралы баяндады.
«Соңғы үш жылда ауданымыз тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсетіп келеді. Ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, инфрақұрылым жаңғыртылуда, жаңа жұмыс орындары құрылып, туристік әлеует дамып келеді», – деді аудан әкімі.
Ауданда сүт-тауар фермаларының құрылысы, сумен жабдықтау және байланыс жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соңғы жылдары аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі көшелері жөнделіп, көше жарығы желісі кеңейтілді, балалар ойын алаңдары мен бейнебақылау камералары орнатылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1241824?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау