Ақтауда рұқсатсыз жарнамалық акция өткізген кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында әр сенбі сайын тұрғындар мен қала қонақтарына арналған би кештері ұйымдастырылып келеді. Аталған мәдени-көпшілік шаралар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып өткізіледі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген тұрақты мониторинг нәтижесінде 2026 жылғы 13 маусымда өткен іс-шара барысында кәсіпкерлік субъектісінің қала әкімдігімен келісілмеген түрде тегін гүл тарату акциясын ұйымдастырғаны анықталды.

Осы фактіге байланысты Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп кәсіпкерлік субъектісіне барып, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шара қолданылып, 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды.

Еске салайық, қоғамдық орындарда кез келген жарнамалық, акциялар ұйымдастыру, сондай-ақ тегін өнімдер, гүлдер, киім-кешек, азық-түлік және басқа да тауарларды тарату жұмыстарын алдын ала уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу қажет. Белгіленген талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын назарларыңызға саламыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1242682?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version