Ақтөбеде Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢 Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Әкелер күніне арналған «Менің әкем» атты мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз.

👨‍👧‍👦 Әке – отбасының берекесі мен бірлігінің, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың сақталуының маңызды тірегі. Әкенің бала тәрбиесіндегі, отбасындағы және қоғамдағы рөлі ерекше. Бұл мереке – әкелерге құрмет көрсетіп, олардың отбасы мен қоғам алдындағы еңбегін дәріптеуге арналған игі шара.

📅 19 маусым
🕔 Сағат 17:00
📍 Astana Park

Іс-шара бағдарламасында:
✨ мерекелік концерт;
✨ балалар мен ересектерге арналған қызықты байқаулар мен ойындар;
✨ отбасылық демалыс пен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы.

Баршаңызды отбасы мүшелерімен бірге мерекелік шараға қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1242616?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version