Ағымдағы жылдың 16 маусымында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ж.Ермекқалиева «Ариадна» ЖШС қызметкерлерімен және жұмыс беруші өкілдерімен кездесу өткізіп, еңбек қатынастары барысында кемсітушілікке жол бермеу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек қатынастары саласында қызметкерлердің құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек құқықтарын жүзеге асыру кезінде жынысына, жасына, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайына және қызметкердің кәсіби қасиеттеріне қатысы жоқ өзге де белгілеріне байланысты кемсітушілікке жол берілмейтіні түсіндірілді.
Ж.Ермекқалиева жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек заңнамасын сақтау міндетіне тоқталып, еңбек қатынастары барысында барлық қызметкерлерге тең жағдай жасалуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу, еңбек дауларын болдырмау және қолайлы еңбек ахуалын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1242706?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау