Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Атанов ЕҰУ түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Атанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.
Полиция полковнигі жас мамандарды оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтап, олардың таңдаған мамандығы заңдылық, әділдік және қоғамға қызмет ету қағидаттарына негізделген маңызды сала екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ол заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Заң мен Тәртіп» идеологиясының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Елордалық полиция басшылығының диплом тапсыру рәсіміне қатысуы құқық қорғау органдарының білікті заңгер кадрларды даярлауға және елдің білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1242618?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version