Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Аппараттық кеңестің күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, алдағы электоралдық кезеңге дайындық жұмыстары, ауыл шаруашылығы саласындағы индикаторлық көрсеткіштердің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы қорытындысы бойынша орындалу болжамы және 2026 жылдың екінші жартыжылдығына мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу барысы қаралды.

Кеңес барысында жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, жоспарланған көрсеткіштердің орындалу деңгейі мен алдағы кезеңге белгіленген міндеттер туралы ақпарат берді. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі индикаторлардың орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар алдағы электоралдық кезеңге дайындық мәселелері жан-жақты талқыланып, жауапты органдардың дайындық деңгейі сараланды. Бұл бағыттағы жұмыстардың заң талаптарына сәйкес әрі сапалы ұйымдастырылуы қажеттігі айтылып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – 2026 жылдың екінші жартыжылдығына мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу науқанының барысы болды. Аталған мәселе бойынша тиісті сала басшыларының ақпараты тыңдалып, жазылым жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтау қажеттігі атап өтілді.

Жиын барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар жоспарланған көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуы мемлекеттік органдар жұмысының негізгі көрсеткіші екендігін атап өтіп, әрбір сала басшысының жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1241707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version