2026 жылғы 6 сәуірде аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері – депутаттар қатысты. Сондай-ақ Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округ әкімдері шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес, ауданның ауылдық және кенттік округ әкімдері 2025 жылға арналған округ бюджетінің орындалуы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдында есеп берді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданып, тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1242153?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау