Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті ауру, оның алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары.
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуеннің төрағалығымен Конго-Қырым қызбасы ауруының алдын алу шаралары туралы мәжіліс өтті. Аталған басқосуға ауылдық округтердің әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты.
Жиында Түркістан облысының ветеринария басқармасына қарасты “Ветеринариялық қызмет” мекемесінің аудандық филиал басшысы У. Қалдаров баяндама жасап, энзоотиялық бағытта қолға алынған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Оның сөзінше, осы жылдың бірінші кезеңінде 89 480 ірі қара мал, 617 605 бас уақ мал тоғытылып, 3 млн шаршы метрден асатын қора жайлар залалсыздандырылған. Тиісті жұмымтар жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Д.Өмірзақов баяндама жасап, кене шағып медициналық көмекке жүгінгендердің саны өткен жылдағы көрсеткіштен азайғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қора-қопсының уақтылы тазаланбайтындығы кененің көбеюуіне, бұл жағдай кененің жұмыртқа тастауына жағдай туғызатындығына алып келетіндігін айтты.
Өз кезегінде Фазылбек Әуен ауыл әкімдерін аталған мәселеге салғырт қарамай, тиісті мекемемен бірлесіп залалсыздандыру, тұрғындарды ескерту, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Әсіресе қораларды, олардың аумақтарын дәрілеуді қатаң бақылауға алу керектігін ескертті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау