Шымкент қаласы QR-код арқылы маңызды ақпараттарды насихаттады.
«Қауіпсіздік терезе» акциясы аясында абайсызда балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Соның бірі, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарымен бірлесіп, бір рет қолданылатын ыдыстарға QR-коды бар ақпараттық материалдарды орналастырды. Аталған ісшараны қала аумағында үздіксіз жүргізу жоспарлануда.
Аталған QR-кодты сканерлеу арқылы, тұрғындар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және абайсызда терезеден құлау оқиғаларының алдын алу жөніндегі ақпараттармен таныса алады. Аталған жұмыс халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1242720?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау