Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов азаматтарды апта сайынғы жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғын емес үй-жайға жеке кіреберіс орнату, жарнамалық маңдайшаны келісу, сондай-ақ жеке тұрған ғимаратта  көлік жуу орнын орналастыру мәселелері қаралды.

Басқарма басшысының орынбасары жеке кіреберісті ұйымдастыру кезінде ең алдымен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін нысанның қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, 10 жуу бекетіне дейінгі көлік жуу орнын орналастыру кезінде тұрғын үйлердің терезелеріне дейінгі арақашықтық кемінде 25 метр болуы тиіс екені түсіндірілді. Ал жуу бекеттерінің саны 10-нан асқан жағдайда, көрсетілген арақашықтық қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.

Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1242311?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version