Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Е.И. Жукованың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысын өтті.
Отырыс барысында «Бурабай аудандық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Е.А. Бекаевтың «Бурабай ауданы халқын сапалы медициналық қызметтермен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» есебі тыңдлып талқыланды.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша депутаттардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Отырыс соңында аталған мәселер бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулысы қабылданып, ұсыныстар жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1242434?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау